Ауыз су мәселесі шешімін тауып келеді
Шалғайда жатқан Бәйдібек ауданында ауыз су мәселесі шешімін тауып келеді.
Бүгінде аудандағы 52 елді мекеннің 35-не орталықтандырылған ауызсу құбырлары жүргізілген. Бұл елді мекендердегі тұрғындар саны 46 644, яғни аудан халқының 85 пайызын құрайды. Сондай-ақ аудандағы 3 елді мекенге ауызсу құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоғарыда аталған 3 нысанның біреуі маусым айында пайдалануға берілсе, қалған 2 нысан 2019 жылдың қараша айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазіргі таңда бір елді мекеннің ауыз су жүйелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
Ал, аудан орталығы Шаян елді мекеніндегі тұрғылықты халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. Биыл облыстан қаралған арнайы субвенция есебінен және аудандық бюджеттен қаралған қаржыға елді мекендердегі 9,3 шақырым болатын 4 көшенің жолдарын орта жөндеуден өткізу үшін тиісті құжаттар әзірленген. Сонымен қатар, Ақжар елді мекеніне кіре беріс автожолын күрделі жөндеу жұмыстары жылдың соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі.