Рухани жаңғыру: Түлектердің көмегімен бес жоба іске асуда
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи университеті кітапханасының мәжіліс залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында 2019 жылы Жетісай ауданында атқарылған жұмыстары тақырыбында кезекті баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігіә хабарлады.
Жоғарыда аталған бағдарламалық мақала аясында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар жөнінде Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков баяндама жасады.
Мақсат Жанұзақұлының айтуынша, Жетісай ауданында «Атамекен» кіші бағдарламасындағы «Әлеуметтік бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» жобалары бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген. Атап айтсақ, 2019 жылы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында демеушілер есебінен 212 млн 91 мың теңгеге көмек көрсетіліпті. «Атамекен» жобасы аясында аудан аумағында кәсіпкерлер, демеушілер тарапынан жүзеге асырылып жатқан 30 жобаның тізімі жинақталып, оның құны 212 млн 91 мың теңгені құраған. Қазіргі таңда 29 жоба іске қосылды. Ауыл жастарын спортқа баулуға –1 жоба, елді мекендерді көркейту – 5 жоба, мешіттерге демеушілік – 4 жоба, балабақша – 2 жоба, қайырымдылық – 18 жоба жүзеге асырылған.
«Жыл басынан бері «Алтын ұям» жобасы аясында өңірдегі түлектерді өздері оқыған білім ұяларындағы материалдық-техникалық базасын жақсартуға және мұқтаж білім алушыларға әлеуметтік жәрдем көрсетуге ынталандыру мақсатында аудандағы білім беру мекемелерінен түлеп ұшқан азаматтар қол ұшын созып, жалпы құны 5 млн 270 мың теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылып отыр. Сондай-ақ, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша – 126 іс-шара өтіп, 11220 аудан тұрғындары қамтылды. «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған ел – туған жер» жобасы аясында 56 іс-шара өткізіліп, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлеріміз дәріптелген. Аталған іс-шараларға жергілікті бюджет тарапынан 15000000 теңге қаралып, толығымен игерілді» , - дейді Мақсат Жанұзақұлы.