Түлкібастың өнімдері бүкіл Қазақстанға тарайды

71088292_1101699613553663_1296276187118567424_o.jpg

Түркістан облдысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түлкібас ауданына жасаған сапары барысында Жаскешу ауылына табан тіреп, ауыл ішіндегі республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Ұзындығы 59 метр, ені 13 метрді құрайтың көпірдің құрылыс жұмыстарын «ЕВРАСКОН» Евро Азиаттық құрылыс корпорациясы жүргізуде. Нысанның құрылыс жұмыстары бүгінгі таңда 90 пайыздан асып отыр.

Келесі кезекте облыс басшысы ат басын Азаттық ауылына бұрып, «Майлыкент сүт» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Жоғары сападағы экологиялық таза сүттен жасалатын «Майлыкент-сүт» ЖШС-інің өнім түрлері, бүгінгі таңда ауданда ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де жоғары сұранысқа ие. «Бизнестін жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, бүгінгі таңда қарқынды жұмыс істеп тұрған сүт өңдеу цехы күніне 5 тонна сүт өңдеп, майсыз сүттен бастап йогурт, айран, ірімшік сияқты 12 түрлі өнім дайындайды. Аталмыш кәсіпорын 30-дан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтым, өз өнімдерін республика аумағындағы барлық өңірлерге өткізуде.