Түркістанның автобустары жаңаруда

70598598_523730778375210_4438505476694474752_n.jpg

Былтыр облыс орталығы болған Түркістан қаласының  инфрақұрылымы жаңарып, құрылыс қарқын алуда. Қаланың жолдары жөнделіп, кеңеюде. Облыс орталығында халық демалатын саябақтар, гүлзарлар артуда. Туристер көп баратын нысандар, қонақ үйлер, мейрамханаларды да саны көбейіп, қызмет көрсету сапасы жақсаруда.   Енді міне, қаладағы бағыттарда жүретін қоғамдық көліктер де жаңаруда.   Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.


Түркістан қаласы бойынша «Жолаушы» ЖШС тасымалдаушы мекемесі 270 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетеді. 2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша аталған тасымалдаушы мекеме «Ютонг» маркалы 8,5 метрлік 16 жаңа автобус сатып алған болатын, ағымдағы жылдың қыркүйек айында тағы 5 жаңа автобус бағытқа қосылды. Жаңа автобустарда кондиционер, электронды табло, жарнамалық монитор және камералар орнатылған.

Қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту арқылы жолаушыларға сапалы қызметтер көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері оңтайлы шешілуде.

Облыс орталығындағы қоғамдық көліктерді жаңарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Түркістанның автобустары жаңаруда