Төлебиде көгілдір отыны бар ауылдар көбейіп келеді


70631321_2767389749937686_7384086218289446912_o.jpg

Түркістан облысы Төлеби ауданында халықтың  82 пайызы, елді мекендердің 83,6 пайызы табиғи газбен қамтылған. Алдағы уақытта көгілдір отын кірген ауылдардың қарасы бұдан да көбейеді. Жуырда ауданға жасалған пресс-тур барысында журналистер осы табиғи газ және ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып қайтты. 

2019 жылы ауданның Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Балдыберек, Төңкеріс елді мекендерін газдандыруға облыстық бюджеттен 175 миллион теңге қаралып, құрылыс жұмыстары басталған.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласында да тың бастамалар көп.  Жеке кәсіпкер С.Танабаев 18,6 га жүзім бауына 30 690 дана тайфи жүзімін егіп, тұрақты 10 адамды, маусымдық жұмыста 100 адамды қамтамасыз етіп отыр.

Ал Төлеби ауданы, Көксәйек ауылдық округі, Көксәйек елді мекені, Жолан көшесі №47 А орналасқан 100 орындық бастауыш мектебінің құрылыс жұмыстарын "Умирзак" ЖШС жүргізуде. Конкурстық құны 260803,811 мың теңге болатын нысанды 2020 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Биылғы жылы 1 қыркүйекте М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 200 орындық қосымша ғимарат құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Ленгір қаласындағы №4 Қ.Сәтбаев атындағы және Қасқасу жалпы орта мектептерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Ленгір қаласындағы №1, №5 мектеп гимназиялары, Ақбастау жалпы орта мектебінің қосымша құрылыс жұмыстары мен Қ.Тыныбеков атындағы жалпы орта мектебінің спорт залы келер жылы пайдалануға беріледі.