Теріскейдің ауыл шаруашылығы өрістеп келеді
Теріскейде
жатқан Созақ ауданында ауыз толтырып айтарлық жетістіктер бар.
Әсіресе, ауданда ауыл шаруашылық саласы бойынша көптеген игі істер
атқарылуда. Жергілікті әкімдік тарапынан шаруа қожалықтарына, жеке
кәсібін өрбітуді көздеген кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде.
Ауыл шаруашылығы тиімді кәсіптің көзі. Әлем елдерінің даму тәжірибесіне назар салсаңыз ауылшаруашылық саласындағы өсім ел табысының басым мөлшерін құрайды. Себебі, ауыл шаруашылығында қалыпытасқан дәстүр бар, әрі дамыған сала. Материалдық өндірістің басты тетігі. Халықты азық-түлік және өнеркәсіп өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған саланы өсімдік және мал шаруашылығы құрайды. Аталған кәсіп көзімен айналысып, оны игеріп, жетілдіру нағыз кәсіпкердің ғана қолынан келетін іс. Осы орайда, Созақ ауданын төрт-түлігі дархан даланы еркін жайлаған құт мекеннің бірі деуге болады.
Ауданда жылдың басынан бергі жеті айда ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 6 млрд. 336 млн. 700 мың теңгені құраған. Егістік жерді игеру бойынша 12 100 гектар межесі белгіленіп, 13 054 гектар алқапқа егіс егілген. Оның ішінде 5 400 гектар суармалы жер игерілген.
Кейінгі жылдары аудан диқандары қауын-қарбыз егіп, оны шет елге экспорттауды да жақсы меңгеріп келеді.