Төлебидің жастары топ жарды

70644219_2401239286861258_1650073800298987520_n.jpg

 20-қыркүйек күні облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "TURKISTAN-JASTAR QALASY" атты облыстық жастар арасында Түркістан облысында байқаулар өткен болатын. Сол байқауларға Төлеби ауданынан әр жарыс түрінен жалпы 25 жас қатысып, төмендегі орындарға ие болды:

"Turkistan dance" көше биі байқауынан аудандық мәдениет үйінің би жетекшісі Туртаева Зульфияның шәкірттері "Сармат" тобы

ІI-орын 300 000 теңге,

Спорттың "Street ball" (20 жастан төмен) турнирінен Леңгір қалалық спорт мектебінің жаттықтырушысы Асылбеков Романның шәкірттері

І-орын 200 000 теңге(әр ойыншы),

Спорттың "Street ball" (20 жастан жоғары) турнирінен Леңгір қалалық спорт мектебінің жаттықтырушысы Споров Дмитрийдің шәкірттері

І-орын 200 000 теңге(әр ойыншы),

Ұлттық асық ату спорт ойыны түрінен №8 кәсіптік-техникалық колледжі студентерінен құралған топ

ІІІ-орын 75 000 теңге,

Ұлттық ләңгі тебу спорт ойыны түрінен №8 кәсіптік-техникалық колледжі студентерінен құралған топ

ІІІ-орын 75 000 теңге,

"Үздік ойыншы" номинациясын Ёлчибеков Давран,

"Үздік жас әнші" номинациясын Әбдіхалық Жанель №2 Ш.Уалиханов атындағы ЖОМ-нің оқушысы иеленіп, жеңіспен оралды.

-Аудан намысын қорғаған жастарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранын асқақтататын намысты ұл-қыздарымыздың қатары көбейе берсін,-делінген Төлеби ауданы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі таратқан мәліметте. 



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Төлебидің жастары топ жарды