«Рухани жаңғыру» аясында ауыл клубы жөндеуден өтті


 71901424_540729733347440_8207407972641406976_n.jpg

Алаштың аяулы азаматы Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Тұрар Рысқұловтың ата қонысы Түлкібьас ауданындағы Рысқұл ауылындағы күрделі жөндеуден өткен клубтың ашылу салтанатты шарасы өтті.

Шараға аудан әкімі Н.Тұрашбеков, «Ақсүмбе мен Ақсу-Жабағылы арасы» автосапарына қатысушылары мен басқа да аудан қонақтары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шараның ашылуында алғы сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков,

- Өздеріңізге мәлім өткен жылы ауданымыздың 90 жылдығына орай аудан орталығында және Түлкібас поселкесінде Т.Рысқұловтың ескерткіші бой көтерді.

Тұрар атамыздың 100,110 және 120 жылдығы ауданымызда кең көлемде аталып өтілді. Бүгін міне қос тұлға С.Қожанов пен Т.Рысқұловтың 125 жылдық мерейтойын қасиетті Түркістан өңірінің халқы ерекше құрметпен атап өтуде. Мерекеге орай Тұрар атамыздың аяғы басқан Рысқұл ауылында ұлы тұлғаны еске алып, есімі берілген күрделі жөндеуден өткен ғимаратты ел игілігіне пайдалануға бергелі отырмыз.

Қашанда елі үшін аянбай еңбек еткен тұлғалалар ел есінде мәңгі сақталады-деп, ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтады.

Сонымен қатар, салтанатты шарада Түркістан облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары Ғани Рысбеков бастаған аудан қонақтары Ұлы тұлғаның мерейтойына орай ыстық лебіздерін білдірді.

Салтанатты шараға жиналған ауыл ақсақалдары да өз тараптарынан, мәдени нысанның жөнделуіне мұрындық болған аудан басшылығына ауыл тұрғындарының атынан алғыс білдіріп, ақ батасын берді.