Жапон елшісі «Жастар жылы» аясындағы шаралардың жеңімпаздарын марапаттады
Түркістан ұаласында «Жастар жылы» аясында көптеген іс-шаралар өтуде. Жастарды кәсіпкерлікке оқыту, жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету, сол арқылы өз ісін ашуына жағдай жасау сияқты шаралар аудан, қалаларда жалғасуда. Сонымен бірге жаста арасында түрлі спорттық, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардлың бірі жырда Кентау қаласында өтті.
Кентау қалалық Жастарға қызмет көрсету орталығында "Кентау қаласына 64 - жыл" мерекесіне орай, "Жастар жылы" аясында ұйымдастырылған мерекелік іс - шараға Кентау қаласының әкімі Д.Махажанов пен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Танцухико Касай қатысты. Олар Түркістан облысы жастары арасында «Түркістан жастар қаласы» жастардың көше мәдениеті мен шығармашылығын дамыту бағытындағы кешенді шығармашылық жобасы аясында өткен «Түркістан дэнс» , «ГРАНД ВОЙС ТҮРКІСТАН», «СТРИТ ВОРКАУТ», «РЭП БАТЛ» байқауларының жеңімпаздарын және Кентау қаласының 64 жылдығына орай жастар арасында ұйымдастырылған «Спорт бізді біріктіреді» атты спорттық сайыстарда жеңімпаз атанған спортшыларды Түркістан облысының әкімі Ө.Шүкеевтің және Кентау қаласының әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Бөлісу тақырыбы: Жапон елшісі «Жастар жылы» аясындағы шаралардың жеңімпаздарын марапаттады