Тырысқақпен шатасырған
Орта ғасырдарда үй тұрмысына қажетті заттардың басым бөлігінің құрамында күшәла болыпты. Бір өкініштісі – адамның күшәламен уланғанын анықтау мүмкін болмаған. Себебі оның симптомы тырысқаққа өте ұқсас болған.
1775 жылы адам ағзасында күшәланың бар-жоғын анықтайтын әдіс пайда болды. Сараптамашы мамандар уланған мәйіттің сілекейін алып оған азот қышқылы мен мырышты қосқан. Егер адамның денесінде күшәла болса онда әлгі сұйықтықтан сарымсақтың иісіне ұқсас газ бөлініп шыққан. Осы әдістен кейін ғана ғалымдар ағзадан күшәланы анықтаудың жолдарын зерттеп, бірнеше тәсілдерін ойлап тапты.
Диагноз газеті
Алдыңғы: Миына тіс өскен