Өлім шақыратын бұрыш

spiciestindianfood1.jpg

2016 жылы америкалық азамат қомағайлар конкурсында гамбургер жеймін деп өліп қала жаздады. «Бұйырған тағамды» жеген соң оның жағдайы күрт нашарлап, жедел-жәрдемнің көмегіне жүгінеді. Дәрігерлер тексере келе оның асқазанының 2,5 сантиметрге тесілгенін, өкпесіне зақым келгенін анықтайды. Сөйтсе әлгі гамбургердің ішіне Bhut Jolokia бұрышы қосылған екен. Науқас дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында аман қалады. Сәл кешіккенде дәрігерлер сырқаттың о дүниелік болып кетуі мүмкін екенін айтқан.

Диагноз газеті

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Өлім шақыратын бұрыш