Кесене аумағына жасыл шым және гранит тастар төселуде

d1d3f4c9a2a32e20642186fd4e096203.jpg

Түркістан қаласында туризм саласы өркендеп келеді. Қаладағы туризм саласының өркендеуінің ең негізгі себепкер - бүкіл әлем мойындаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі екені белгілі. Бұл кесене ЮНЕСКО тізіміне енген. Кесене - өз дәуіріндегі ең озық үлгілерді пайдаланған құрылыс нысаны болған. Кесенені салуға Орта Азиядағы ең білгір, ең кәсіпқой мамандар тартылған. Содан бері кесене әлі күнге дейін өз қалпын сақтап келе жатыр. Бүгінде кесенені келер ұрпаққа "мұртын бұзбай" сақтау үшін түрлі шаралар атқарылуда. Қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Кесене аумағын абаттандыру арқылы оның көркін арттырып, сән-салтанатын асқақтатуға болады. Бұл өз кезегінде туристердің жағымды әсер алуына өз септігін тигізеді.

Қазіргі таңда,  8,5 мың шаршы метр жерге жасыл шым, 4,5 мың шаршы метр аумаққа гранит тасы төселді.

10878cfe54eae9a42ad876aebc82880b.jpg

Кесене аумағында шаң-тозаңдарды болдырмау және көгалдандыру мақсатында төселген жасыл шым Алматы қаласының питомниктерінен алынған.

Абаттандыру жұмыстарын  "Базис-А" құрылыс компаниясы жүргізуде.