Мектептер мен балабақшаларда тиым салынатын тағамдар
Білім беру нысандарында және мектепке дейінгі ұйымдардың асханаларында дұрыс тамақтануды ұсыну оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен айналысу қажеттілігі өте маңызды.
Мектептер мен балабақшалар мекемелеріне жіберілетін тағам азық-түліктер балғын және сапалы, бөтен қоспасыз, ауру туғызатын микробтарсыз болуы қажет. Азық-түліктерді тексеру алдында немесе тоңазытқышта тұрғанда ғана емес, қоймада асханаға келіп түскен кезде де олардың даярланған күні, сақталу шарттары, пайдалану мерзімдері жөнінде алдын ала білуге мүмкіндік беретін азық-түлікпен бірге келген құжаттармен танысады. Мұндай мәліметтер тез бұзылатын азық-түліктер – ет, шұжық, балық, сүт және сүттен әзірленген тағамдар, пирогтар үшін өте маңызды.
Балабақша асханаларында күнделікті мәзірлердің тізімі жасалады. Тізімдегі бекітілген тағам мөлшері балалардың жасына байланысты беріледі. Асты техникалық картаға сәйкес нормативтік жағдайларын бұзбай орындауы міндеттеледі. Оған тағамның мөлшері, салмағы, химиялық құрамы, калориясы, дайындау технологиясы туралы хабарламалар кіреді азық-түліктердің сапасын анықтау әдетте балалар мекемесіндегі медицина қызметкері мен аспаз тарапынан жүргізіледі. Пайдаланылатын тамақ өнімдері, азық-түлік шикізатының сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар объектінің ас блогында сақталынады.
Асханада (буфетте):
- туралған ет қосылған құймақтарды;
- флотша макаронды;
- зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;
- кремі бар кондитерлік өнімдерді;
- тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);
- морстар, квастарды;
- фритюрде қуырылған өнімдерді;
- шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;
- күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды;
- қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
- окрошканы;
- саңырауқұлақтарды;
- өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;
- тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
- газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);
- фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;
- ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және сатуға рұқсат етілмейді.
Асханада тағам дайындау кезінде:
- пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;
- суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;
- ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;
- тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;
- механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;
- құс етінен алынған құрамында коллагені бар шикізатты;
- сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;
- генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;
- йодталмаған тұзды және құрамында темірі бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын қолдануға рұқсат етілмейді.
Сондықтан алдағы уақытта балалар мен жасөспірімдеріміздің толыққұнды және үйлесімді тамақтануына аса назар аударайық!!!
Диагноз газеті