Тұмау. Оның қауіптілігі
Тұмау - жұқпалы ауру. Ол вирустармен қоздырылады, ағзаға ауа арқылы таралады, яғни мұрын және ауыз қуысы арқылы. Әдетте тұмаумен ауырған адамда дене қызуы өте ыстық болады, балаларда сіңірі тартылады.
Тұмаудың негізгі қауіпі – ол тұмаудан кейінгі асқынудың, дамудың тәуекелдігі болып табылады, ең көбірек кездесетін асқынулардың түрлері: өкпе қабынуы, ринит, синусит, бронхит, құлақтың қабынуы, жүрек бұлшық етінің ауруы, жүрекқап қабынуы, бұлшық еттің қабынуы, бүйректің зақымдануы, менингит. Сондай- ақ тұмаумен ауырғанда созылмалы аурулары бар адамдардың ауруы асқынады. Тұмау әсіресе балалар, қарт адамдар мен жүкті әйелдерге қауіпті.
Тұмауды қоздыратын А типті (Н1N1) вирус агрессиялығы және ерекше жоғары жылдамдықта өрбуімен ерекшеленеді. Тұмау вирусын жұқтырғаннан кейін, санаулы сағаттың ішінде бактериялардың ену мүмкіндіктерін аша отырып, жоғарғы тыныс алу жолдарының сілемей қабығының кабынуына әкеп соғады. Бұл тұмауда пайда болған бактериалық асқынулардың көбейгенін түсіндіреді.
Тұмаудың белгілері: қызу, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, бұлшық еттер мен буындардың ауыруы, қалтырау, қалжырау, жөтел, тұмау немесе мұрынның бітелуі, жарыққа қарай алмау, тамақтың (жыбырлауы) ауыруы.
Тұмаумен ауырғанда не істеу керек?
Тұмау індеті кезінде қоршаған ортаға ауру жұқтырмау үшін үйде қалу және дер кезінде емделумен айналысу үшін дәрігерге дереу қаралу қажет. Тұмауда өзін- өзі емдеуге болмайды. Дәрігердің өзі Сіздің жағдайыңыз бен жасыңызға сәйкес диагноз қойып, қажетті емді белгілеуі қажет. Ауырған кезде емдеуші дәрігердің барлық ұсынымдарын: дәрі- дәрмектерді дер кезінде қабылдап, төсек тәртібін сақтауды қатаң орындау қажет, себебі ауырғанда жүрек- тамыр қызметі, ағзаның иммунды және басқа жүйесіне көп күш түседі. Сұйықты көбірек ішу қажет, оларға: ыстық шай, мүкжидек немесе ит бүлдірген морстары, сілтілік минералды сулар жатады. Тамаққа құрамында С дәрумені бар (мүкжидек, ит бүлдірген, лимон және т.б.) өнімдерді қолданыңыздар, сондай- ақ сарымсақ , жуа қосыңыздар.
Тұмаудың белгілері біліне бастағанда жұмысқа, оқу орындарына барудың қажеті жоқ, науқас баланы балабақша, мектеп, мәдени- көпшілік іс- шараларға жібермеңіздер. Егер Сіз тұмау немесе ЖРВИ- мен ауырған болсаңыз барлық ауырған кезеңде және ауру белгілерін шешкеннен кейін 24 сағат бойы үйде қалыңыз. Барынша басқа отбасы мүшелеріне жақындамауға тырысыңыз. Бұл Сіз басқа адамдарға жұқтырмау және одан әрі вирусты жұқпаны таратпау үшін қажет.
ТҰМАУДЫҢ белгілері біліне бастағанда, тұрғылықты жері бойынша емханаға қаралу қажет.
Егер Сіздің дене қызуыңыз 38- 39° жоғары көтерілсе, үйге учаскелік дәрігерді шақырыңыз. Демікпе, екінші рет құсу, сіңір тарту, естен айырылу пайда болған кезде 103 телефоны бойынша "жедел жәрдем" бригадасын дереу шақырту қажет.
Жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды бір рет пайдалантын қағаз майлықтармен жауып, оны пайдаланған кейін, тығыз жабылатын пакеттерге лақтыру қажет. Қолды жиі сабындап жуу керек, әсіресе жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды жапқаннан кейін. Сондай- ақ қолды тазарту үшін құрамында спирті бар тері антисептигі тиімді. Көзге, мұрынға, ауызға қолды жиі тигізуге тырысыңыз.
Жұқпалардың таратылуының алдын алу үшін, науқас адамды дені сау адамнан жеке бөлмеге оқшаулау керек (жеке бөлме бөлу қажет). Мүмкін болғанша науқас адаммен араласуды шектеу керек. Науқас жатқан бөлмені жиі желдетіп, күнделікті дезинфекциялау құралдарымен еденді сүртіп тазартқан жөн.
Тұмаумен ауырған науқас адамды күтуші және қарым-қатынаста болатын тұлғалар медициналық бетперде (дәке танғыш) киюі керек, оны 3-4 сағат сайын айырбастау қажет.
Отбасында немесе жұмыс ұжымында тұмаумен ауырғандар пайда болған жағдайда, тұмау аурушаңдығының алдын алу мақсатында (қарсы көрсетімдерді есепке алу және препаратты қолдану бойынша нұсқауға сәйкес) вирусқа қарсы препараттарды қабылдауды бастауға ұсынылады (тамифлю, ингавирин, осколин май).
Тұмаумен ауырғанда жатып емделу қажет;
Дәрігерге дер кезінде қаралып, ерте емделе бастағанда (бірінші ауырған 48 сағатта) тұмаудан кейінгі асқыну қауіпі төмендейді және өміріңізді сақтап қаласыз.