Мақта өндірісі де шет қалмақ емес

Znalezione obrazy dla zapytania хлопок

Республикамызда көп жылдардан бері мақта шаруашылығын механикаландыру астық шаруашылығын механикаландырудан қалыспаған. Кәсіп ашуда мал, егін өнімдерін өндіру ата-бабасы шаруа қазақ үшін қиын іс емес. 

Түркістандық "Нұр-Сармат"  мақта шикізатын өндіруші кәсіпорын да осы айтылған сөздерге дәлел бола алады. Бүгінгі күнде кәсіпорын мақта өндірісі бойынша өлкедегі елеулі кәсіпорындардың бірі есептелінеді. Кәсіпорын қала тұрғындарын сапалы мақтамен қамтамасыз етумен қатар, тұрғындардың біршамасын жұмыспен де қамтып отыр. Әрине облыс орталығының экономикасын көтеру барысында кәсіпкерлікке жіті көңіл бөлінуі өте дұрыс.

Өндіріс орны биыл мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қарастырылған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы 18 млн. теңге алуды көздеп отыр.

Кәсіпорын басшылығының айтуынша мақта-шикізатының түсімділігі нарық сұранысы мен ауа райы жағдайының өзгеруіне тәуелді. Ал түркістан климаты егін шаруашылығымен айналысуға өте ыңғайлы климаттық белдеуде орналасқан. Сондықтан кәсіпорын ауа-райына қатысты мәселелерден қорықпайды, осы күнге дейін егістікте су тапшылығы да болмаған.

Мақта әлемнің 70-ке жуық елінде өндіріледі, оның аумағы тропиктік және субтропиктік елдермен шектелген 47° солтүстік ендік пен 35º оңтүстік ендікте таралған. Мақта-шикізатын өндіруші жетекші мемлекеттер: Қытай, АҚШ, Үндістан, Пәкістан, Өзбекстан, Бразилия елдері. Болашақта Түркістандық "Нұр-Сармат" та Қазақстандық мақта өндірісін осы қатардан көрсетеді деген үміттеміз.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Мақта өндірісі де шет қалмақ емес