Қимылдаған қыр асады

Podobny obraz

"Қимылдаған қыр асады" деп бір орында отырмай, өзін де өзгені де жұмыспен қамтып, кәсібін жандандырып жүргендер аз емес. Соның бірі Түркістан қаласының тұрғыны Иманқұл ата. Иманқұл ата миемлекеттік «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қаражат алып, шаруа қожалығын ашпақ. Жұмысын бастағалы жүрген кәсіпкер атаның айтуынша Түркістан мал шаруашылығымен айналысуға өте жайлы қала. Мұнда малға берер астық, судан тапшылық деген болмайды. Кәсіпкердің мақсаты ет өнімдерін шығарып, соны күнкөрісм көзіне айналдыру.

Түркістан – сауданың ғана емес, мал шаруашылығының ордасы. Атадан балаға мирас болған мал шаруашылығы кәсіпкерге таңсық емес. Ол өзі бұрындары да мал асыраған көрінеді. 

Агроөнеркәсіптік кешен келешекте жан-жақты дамып жатса, қала тұрғындары ғана емес, мемлекеттің басқа өңірлері де сапалы ет өнімдерімен қамтылатын болады.

Жалпы "Иманқұл ата" шаруа қожалығы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 600 млн. теңге алғалы отыр. Жоба басталғалы бері қала төңірегінен 30 ұсыныс қабылданған. Соның бірі де "Иманқұл ата" шаруа қожалығы болып отыр. Қазірше кәсіпкердің ұсынысы ЕДБ қарауында.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қимылдаған қыр асады