«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы үздік деп танылды
"TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағы Financial Times "Global Free zones of the year 2019" халықаралық рейтингісінде жетекші экономикалық аймақтардың бірі болып танылды. Бұл жаңалық Түркістанның экономикалық тұрғыдан дамуына елеулі ықпал етті. Бұл типтегі жеңістер Түркістан қаласын өзіне лайық деңгейге көтиерілуіне көмек беріп, халықаралық деңгейдегі инвесторларды тартуына мүмкіндік жасайтыны сөзсіз.
Тек 2018 жылы құрылған "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағы әлемнің үздік экономикалық аймақтарына лайықты бәсекеге ие болды және үш номинацияда SME Winner –Asia-Pacific (ШОБ жеңімпазы - Азия-Тынық мұхиты өңірі), Editor ' s choice awards - Ones to watch (редакторды таңдау – назар аударуға лайықты), Bespoke awards – Marketing slogan (арнайы марапат – маркетингтік ұран) жеңіске жетті.
"TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағының жеңісі бизнесті қолдау, брендті серпінді дамыту және жылжыту саласында инвестициялар тарту және де жеткен жетістіктер бойынша белсенді жұмысы үшін берілді.
Бұл нәтиже "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағының дұрыс даму стратегиясы мен басқару тиімділігінің сөзсіз көрсеткіші болып табылады. Әрине, осы тұрғыда "TURKISTAN" АЭА-ның Түркістан қаласының экономикалық дамуына үлес қосып отырғаны мақтан тұтарлықтай жайт.