Түркістандық кәсіподақ студенттерге шәкіртақы тағайындады

1572612478_08.jpg

Облыстық Денсаулық ұйымы жұмыскерлерінің кәсіподағы Түркістан жоғары медицина колледжінде білім алатын көп балалы отбасыдан шыққан студенттерге арнайы шәкіртақы тағайындады. Алғашқылардың бірі болып 16 мың теңге көлеміндегі шәкіртақыны колледждің қос бірдей студенті иеленді. Жастар жылына орай кәсіподақ бірнеше студентке жылдық оқу ақысын да төлеп беруді көздеп отыр.

Орта буынды медицина мамандарын даярлайтын бұл оқу орнында бүгінде көпбалалы отбасынан шыққан 1150 және   ата-анасынан айырылған 8 бала оқиды. Арнайы стипендияға ие болғандардың бірі - Еркеғали  Жақсылық. Ол «Емдеу ісі» бөлімінің 3 курсында оқиды. Бүгінде республикалық білім бәсекесінде  топ жарып, оқу ордасының атын шығарып жүр.  

Қазіргі уақытта жастарға толықтай  жағдай жасалғандықтан жарыстарға барып университет атын шығарып, активті түрде жұмыс жасауымның нәтижесі деп білемін. Басқа да студенттерге осындай жетістікке жетіп, қосымша степендия алуына тілектеспін, - дейді колледж студенті Еркеғали Жақсылық.

Кәсіподақ ұйымы  тағайындалған шәкіртақы жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, оқу жылы барысында түрлі қажеттіліктерін алуға септігін тигізеді деген сенімде. Бұл бастаманы жыл сайын ұйымдастырып, алдағы уақытта да үздік оқитын жастарға қолдау көрсетпек.

Дәл осындай шәкіртақы Жетісай жоғары медицина колледжінде де тағайындалған болатын. Жастарды қолдауды жыл сайын өткізіп тұруды қолға алдық.  Мәселен, өткен жылы кәсіподақ ұйымы көпбалалы отбасыдан шыққан төрт студентке оқу жылының барысында шәкіртақы бөліп келді, - деді “DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымдары  жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы ҚБ филиалының төрағасының орынбасары Роза Кушенова.