Мейрамхана кәсіпкерлерінің қалтасы қалыңдайды

2018_11_30_112659950200.PNG

Түркістан екі бағытта дамиды. Оның біріншісі туризм болса, екіншісі кәсіпкерлік. Қаланың алдағы басты міндеттерінің бірі туристерді қызықтыру. Бұл тұста қаладағы мейрамхана, ойын-сауық орталықтары, туристік мекемелердің атқаратын рөлі ерекше. 

Мейрамхана кәсібі тек қалаға көрік беріп қана қоймай, кәсіпкерлердің қалтасын қалыңдатын, шаһар әлеуметін арттырары анық. Бүгінде бұл бизнесті заманауи түрде жаргоншаласақ, жоғары элиталы, ортаңқолды, фаст-фуд деп бөлуге болады. Элиталы мейрамхана белгілі, бағасы өте қымбат, соған сай жоғары санатты жайлылық, таңдаулы интерьер, ас мәзірінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Миддл-классты мейрамхана  қолжетімді бағамен келушілерін жарылқайды. Фаст-фуд болса белгілі стандарттағы тағамдар ғана ұсынады әрі өзіне-өзі қызмет көрсетуіне тура келеді.  Ортаңқолды мейрамхана иесіне жылына 100-ден 350 мың долларға дейін табыс түсіреді. Қолы жүргенде тіпті 500–мың доллардан да асып жығылуы мүмкін. Сондықтан да табысы тұрақты осы салаға ден қоюшылар басым.

Эльдорадо мейрамханасы да Түркістан қаласының жергілікті тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орындарының бірі болып табылады. Айрықша авторлық тағамдар, қазіргі заманғы дизайн және динамикалық атмосфера бұл мейрамхананы ерекше етеді.

"Эльдорадо" күндіз жайлы аспаздық орын болса, ал кешке белсенді адамдарға арналған сәнді көңілді кешенге айналады. Мейрамхананың жазғы балкон алаңы бар, одан көшеге қарап отырып тамақтануға болады.

Мәзір үлкен түрлілігімен ерекшеленеді және еуропа мен азия елдерінің тағамдарын ұсынады. Аспаз өз қонақтарын ең дәмді, еуропалық стандартқа сай, ерекше тағамдармен қуантады.