Түркістандағы мейрамхана кәсібі сонау ғасырлардан жалғасып келеді
Мейрамханалық кәсіп қазіргі таңда танымал кәсіп болып есептеледі, себебі Түркістанда қызмет көрсету және туризм салалары өте қатты дамуда. Туристер басқа мемлекеттке саяхатқа барғанда, бірінші кезекте сол елдің тағамдарымен танысқысы келеді. Сол себептен олар мейрамханаларға жиі барады. Тағы мейраманалық кәсіптің танымал болуының бір себебі, ол оның жанжақтылығы. Мейрамханаларға бірінші кезекте адамдар демалу үшін келеді. Сол үшін мейрамханада адамдар жақсы демалсын деп, мейрамханаларда арнайы әншілер мен бишілер қызмет атқарады.
Әлемге әйгілі туристік қалалардың барлығында делік мейрамхана қадам аттасаң кездеседі. Оның себебі де жоқ емес. Турист үшін ең маңызды үш жер бар. Олар қонақ үй, көрнекі орындар жіне тамақтанатын мейрамханалар. Түркістан қаласы да осы бағытта келеді. Түркістанның экономикасын көтеруде туристердің маңызы зор. Сондай мейрамханалардың бірі - "Old city" мейрамханасы. Ерекше стильде салынған мейрамхана келуші өонақтарды сыртынан ішіне дейін таң қалдыра алады. Европа стилінде салынған мейрамхана қала орталығына батыс стилін алып келді.
Мейрамхана тамақ жеу үшін ғана салынған орын емес. Мұнда адамдар демалады, кездесу өткізеді, той ұйымдастырады. Бұрын мейрамхана тек қана тамақ ішуге ғана араналған орын болатын, бірақ қазір заман өзгерді. Енді мейрамхана жан жақты орынға айналды. Тарихқа сүйенетін болсақ, бірінші мейрамхана орта ғасырларда ашылғанын еске түсірсек, орта ғасырлық Түркістандағы мейрамхана кәсібі сонау ғасырлар қойнауынан келе жатқанын аңғаруға болады.