Цифрландыру арқылы қалада көлеңкелі экономикаға жол берілмейді

1502525430_xl.jpg

Сыбайлас жемқорлық - кез-келген қоғамдағы ең өзекті мәселе. Бұл мәселенің оң шешімін таппай ешқандай іс алға баспайды. Түркістан қаласы аталған мәселемен күресті күшейтіп, нақты жетістіктерге жетуді көздейді. Қала әкімі Рашид Аюпов әлеуметтік желідегі парақшасында:

- Құрметті Түркістан қаласындағы мектеп мұғалімдері! Соңғы кезде әлеуметтік желі арқылы қаржы жинау бойынша көп арыз шағым түсуде.

Сіздермен келіскендей, әкімшілік тарапынан, немесе білім бөлімі тарапынан, мектеп директоры қаржы жинау туралы тапсырма берсе, маған тікелей жазыңыздар. Біздің тарапымыздан қаржы жинау бойынша тапсырма болмайды, өтірік ақпарат беруі мүмкін.

Еліміздің болашағы мектептен басталады, білім ордасында сыбайлас жемқорлықты тоқтатайық.

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментімен келісе отырып арнайы бағдарламаларды еңгізіп жатырмыз. Яғни, бала-бақшаға баланы беру, баланы мектепке орналастыру, мектепке жұмысқа тұруды толық цифрландырудамыз, - деп жазды. 

Алдағы уақытта Түркістан қаласында барлық қызметтер толықтай цифрландырылады. Бұл өз кезегінде қаладағы көлеңкелі экономикамен күресуге зор мүмкіндік береді. Нәтижесінде көлеңкелі экономикаға тұсау қойылып, қала бюджетіне түсетін салық көлемі артып, қаланың әл-ауқаты артатын болады.