Мейманханалар қала экономикасын көтереді

image.png

Таяуда облыс орталығы мәртебесі берілген Түркістан қаласында қашанғыша қайнаған тіршілік. Әсіресе, мұнда келуші туристердің саны басым. Жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғындар қалалық кәсіпкерлік палатасының нұсқаулығымен өз істерін бастап, мемлекеттен жеңілдетілген несие алып таүлгеріп жатыр. Мұның бәрі ел боламын деген халықтың тірлігі. Шаһар халқының басым көпшілігі сауда-саттыққа бейім. Ал өзгелері қонақ үй, мейрпамхана, туристік ойын-сауық орындарын ашуға бейім. Өйткені қалаға келуші туристер саны қазірде артқан. Қонақ үйлердің бос қалатын күні жоқ. Демек бұл бизнес түрі табыстың бірден-бір кілті деуге болады.

"Иассы" қонақ үйі Түркістан қаласының ең көрікті бұрышында орналасқан жеке қонақ үй. "Иассы" қала орталығында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанына орналасқан. Қонақ үйде: бильярд, сауна, теннис залы, дүкен, дәмхана, караоке бар. Сондай-ақ, жабық автотұрағы бар. Екі қабатты ғимаратта әр түрлі санаттағы нөмірлер бар. Барлық бөлмелер жаңа заманға сай жиһазбен жабдықталған: үстел, тумбалар, шкаф, шамдар, теледидар, тоңазытқыш, желдеткіш, жуынатын бөлме (душ кабинасы), фен, ванна. Бөлмелер өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Қонақ үйдегі нөмірлер саны - 13, төсек орын – 39, онрың екеуі люкс, төртеуі жартылай люкс, стандарт бөлмелер саны жеті.