Туризмді жаңа деңгейге шығаруда «Смарт сити» жобасының маңызы зор

Screenshot_10.jpg

«Қазақтелеком» АҚ өзінің жобаларын жүзеге асыруды жалғастырмақ. Атап айтқанда, осыған дейін Елбасының бастамасымен қолға алынып, бір ізге келтірілген «Smart Aqkol» тақілеттес «Смарт сити» жүйесін Қазақстанның үш бірдей қаласы, яғни Ақтау, Арыс және Түркістан қалаларына енгізбек.

Жалпы, әр өңірдің, әр қаланың ерекшеліктері, өзіндік олқы тұстары мен түйткілді мәселелері бар. Мысалы Түркістан облысы қайта жаңғырып келе жатқан жаңа облыс, қала енді өркендей бастады. Киелі өңірдің туристік әлеуетін дамыту – маңызды міндеттердің бірі.

Сондықтан Түркістан қаласына туристер келген кезде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйелерін жетілдіргіміз келеді, — дей келе, ойын әрі қарай тізбектеді:  

«Аналитикалық тәсілдер негізінде қылмыстық әрекеттердің алдын алуға болады. Қала өсіп келе жатқандықтан, аймақты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету міндеттері де бар. Өздеріңіз білесіздер, қолжетімді интернет жай ғана ойындар үшін емес, көптеген салаларды дамытуға арналған мүмкіндік. Біз осы мүмкіндіктердің аясын кеңейтпекпіз.

Өңірдегі мектептерге қолжетімді wi-fi интернет желілерімен қамтамасыз етуді жоспарлаймыз. Жалпы «Смарт сити» жобасын да жүйелі түрде қараймыз. Бұл жоба бір-екі элементті қамтымайды, бейнебақылау, цифрландыру, wi-fi, сондай-ақ әр қаланың даму үрдісіне байланысты интеллектуалды шешімдерді қамтиды».

Конференцияда қаузалып, айрықша тоқталған тақырыптардың бірі – «Ақылды қала» жобасы. Тарқата кетелік, бұл – жаһан елдерінде кең таралған, әлемнің өркениетті қалаларында біріздендірілген жұлынды жобалардың санатынан.

«Смарт сити» технологиялары енгілізген әлемнің маңдайалды қалаларында электр энергиясы барынша үнемделіп, тұрғындардың қауіпсіздігі жан-жақты қолға алынған. Жол-көлік оқиғалары азайып, қылмыстардың саны күрт кеміген. Инфрақұрылым жүйелерінің жетіктігі байқалып, бір сөзбен халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсарғаны анықталған.  Арнайы орнатылған бергіштер (ор.-датчик. ред) жинаған мәліметтердің негізінде орталыққа қай салада ақау бар екендігі, қай аймақта олқылықтар орын алғаны белгілі болады. Алынған ақпараттар сараланып, сарапталып, мәселені шешудің тиімді жолдары ұсынылады.