Шымкенттік бас дәрігер балаларға базарлық жасады
Шымкент қалалық Т. Орынбаев атындағы гипербариялық-оксигинация орталығының бас дәрігері Мәдина Ермаханбетованың ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті.
Игі шара аясында бас дәрігер тұл жетім ж
әне әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балаларға арнап мерекелік дастархан жайды. Мерекелік кеште М.Ермаханбетова әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мүшелеріне азық-түлік таратып, түрлі сыйлықтар табыс етті.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген шараның мақсаты балаларға қуаныш сыйлап, қамқорлық көрсету. Балалардың бойына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырып, кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу. Қайырымдылық іс-шарасын өткізген бас дәрігерге шенеугніктер алғысын айтты. Бүлдіршіндерге алдағы уақытта сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
Акцияға арнайы келген «Оңтүстік цирк» ұжымы да балалардың көңіл-күйін көтеруге арналған дамытушылық ойындарын ойнатып, іс-шараның көркін қыздырды.
Айта кетейік, бас дәрігер Мадина Ермағанбетованың бастасымен жылда тәуелсіздік күніне орай балаларға арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастыралады.