Түркістан облысында алғаш рет иық буынын толық алмастыру отасы жасалды

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында иық буыны сынған науқасқа жасанды иық орнатылды. Операцияға Қорған Травматология және ортопедия орталығының эндопротездеу бөлімшесінің басшысы, әрі американдық Ортопедиялық Хирургтар қауымдастығының мүшесі, жоғары санатты дәрігер Каменский Андрей Владимирович жетекшілік етті. Түркістан қаласында алғаш рет оң жақ иық сүйегіне имплант орнатқан бұл пациент 6 аптадан кейін әлі оңалту емінен өтеді.

Screenshot_37.jpg

Ресейлік әріптестер жұмыс тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, жергілікті дәрігерлерді эндопротездеу саласындағы заманауи емдеу әдістерімен таныстырды. Соңғы 10 жыл ішінде Түркістан облысының дәрігерлері әлемдік өндірушілердің имплантацияларымен жамбас, тізе және шынтақ буындарын толық ауыстыруды кезең-кезеңмен игеріп келеді. Нәтижелер өте жақсы.