Абайлаңыз, ботулизм!

Screenshot_1.jpg

Мереке күндерінде тамақтан уланудың алдын алу үшін Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті  алда келе жатқан мереке күндерінде тағамнан уланудың және инфекциялық аулулардың алдын алу қағидаларын ескерте отырып, қала орталығында орналасқан  "Қуаныш " базарында "Абайлаңыз ботулизм" атты тақырыпта Акция өткізді.

Әдетте қоғамдық тамақтану және сауда объектілері мереке күндері аспаздық және кремі бар кондитерлік өнімдерді үлкен мөлшерде дайындайды. Сонымен қатар, мереке күндері сақтау және сату мерзімі қысқа түрлі салаттар, ет және балықтан дайындалған тіске басарлар, ет сілікпелері, құйма еттер, тауық етінен жасалған тағамдар және басқалары ең көп сұранысқа ие болады. Ол өнімдерді сатып алмас бұрын шығарылған күніне, сақталу мерзіміне, тамақ өнімінің қауіпсіздігін және сапасын растайтын құжаттардың болуына, сондай-ақ олардың сақталу және сату жағдайларына назар аударуды ұсынамыз. Және де белгіленбеген сауда орындарынан, адамдардан тамақ өнімдерін, әсіресе үйде дайындалған консервілерді сатып алмаңыздар, бұл ботулизммен ауруға алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі таңда интернет желілері арқылы кремді-кондитерлік өнімдеріне тапсырыс беріп алып жатады. Бұл түрлі жедел ішек жұқпалы ауруларын тудыруы мүмкін. 

Screenshot_2.jpg

Себебі, мұндай өнімдер қандай жағдайда дайындалғаны және кім дайындағаны және шығарылған күні белгісіз, көбіне антисанитариялық жағдайда дайындалып жататындығы айтылып, мереке қарсаңында тағамнан уланудың алдын алу шаралары түсіндіріліп,базар қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға орынды жауаптар беріліп, үн парақтары таратылды.

Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер дің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметінің баспасөз қызметі

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Абайлаңыз, ботулизм!