Емхана жұмысына жоғары баға берді

Screenshot_10.jpg

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің инвестициялық саясат департаментінің директоры Аслан Кинаятов бастаған аймақтық штаб мүшелері №4 қалалық емхананы аралады. Жұмыстық топ мүшелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуде емхана жұмысының дайындығы, осы жүйені іске асыруды халық арасындағы жүргізілген жұмыстарды, халықтың қабылдауын, информациялық жүйенің жұмысын көріп өтті. Атап айтсақ жұмыс топ өкілдері емхананың тіркеу бөлімінің жұмысы арқылы пациенттердің мәртебесін анықтаудан бастады. Нақтырақ айтқанда пациенттерге МӘМС бойынша жарналарды төлеудің шарттарын түсіндіріп бейін мамандарға, аймақтық дәрігерлерге жіберуде ешқандай кедергі жоқтығы көрсетілді. Мұнан соң жұмыс тобы жаңадан ашылған медициналық реабилитация және қалпына келтіру бөліміне өтіп, мұндағы пациенттердің толыққанды көмек алуына мүмкінішілік жасалғанын көрді. Жұмыс тобы сонымен қатар материалдық техникалық жабдықталуы, емхана типті ғимаратты талап ететінін талқылады.
Қорытындылай келе А. К Кинаятов мырза №4 қалалық емхананың жұмысын жақсы бағалап, биік жетістіктер тіледі.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Емхана жұмысына жоғары баға берді