Латынды қолдаймыз!

Screenshot_13.jpg

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының басым бағыттарының бірі — қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Мақала аясында Түркістан облысында бұл үрдіс кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстары көптеп ұйымдастырылып, айтылған ұсыныс-тілектер де қаперге алынуда. 

Мәселен таяуда Сайрам ауданында латын әліпбиіне көшуді насихаттау, аудан тұрғындарына жаңа емле ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында "Латын әліпбиін қолдаймыз" акциясы өткізілді. Тілдерді оқыту және дамыту орталығы ұйымдастырған шараға аудандық Әділет Басқармасының мамандары да атсалысты. Шара кезінде аудан тұрғындарына, түрлі мекеме қызметкерлеріне жадынамалар таратылып, көздағдыны қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.

Барлық озық техно­ло­гияның тіліне айнал­ған латын әліп­биіне көшу — еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құ­бы­лыс. Әлемдік өркениет көшінен қалмай, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуін қаласақ, латын қарпін қолданысқа енгізудің мәні орасан.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Латынды қолдаймыз!