Полицейлер «жолда қабылдады»

Screenshot_37.jpg

Республика аумағында полиция өкілдерінің қатысуымен «Жолда қабылдау акциясы» өтіп жатқаны белгілі. Акция Түркістан облысы  Келес ауданында да жалғасын тапты.  Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлерімен Абай ауылының орталық көшесі бойында тұрғындармен ашық сұқбат жүргізді. 

Іс-шараның негізгі мақсаты -  азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету. Қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту. Азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру. Мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту, партия мен халық арасындағы байланысты нығайту. 

Шара аясында тұрғындар өздеріне қатысты қандай да бір мәселемен келген азаматтардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Акция барысында  жалпы 47 азамат өз сұрақтарын қойып, ұсыныс тілектерін білдірді. Қабылдауға қатысқан тұрғындардың дені жүргізуші куәлігін қалай алуды, автокөлікті өз атына тіркеу сондай-ақ ішкі істер құрамына қалай жұмысқа тұру мен бейнекамералар орнату бойынша ұсыныстарын айтты. Құқық қорғау органының өкілдері, жүргізушінің шағымын тыңдап, сараптама жасаймыз деп уәде берді.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Полицейлер «жолда қабылдады»