Жастарға мүмкіндік берілді

Screenshot_4.jpg

Елімізде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Президенттің жастар кадрлық резервін қалыптастыру жобасы қолға алынған болатын. Жобаның негізгі мақсаты жастарды қолдау, түрлі салада жетістікке жеткен еңбек өтілі 5-жылға толған 35 жасқа дейінгі жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту болып табылады. Аталған жоба Түркістан облысында да қолға алынып, кейбір жетістіктері бар жастарды іріктеуге тіркеу жұмыстары бастау алды.

Осыған орай  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен онлайн конференсия өтті. Онлайн конференцияға өңіріміздегі барлық аудан-қалалардан жас мамандар қатысып, тікелей эфирден жоба жайында айтылған мәліметтерге қанықты.

Осы мақсатта Отырар аудан әкімдігі апаратының мәжіліс залына жиналған аудан жастары онлайн конференсияның қатысушысы болды.

Айта кету керек үміткерлер 1-30 қыркүйек аралығында ркrezerv.kz сайтына тіркеліп, қазан айының 12-сі мен желтоқсан айының 25-і аралығында іріктеуге қатыса алады. Бұл өз кезегінде жастар тарапына беріліп отырған зор сенім және үлкен мүмкіндік.

Тікелей эфирден соң аудан әкімі аппаратының басшысы Айдос Мәулен аудан жастары арасынан аталған жобаға қатысып, бақтарын сынап көруге ниетті азаматтардың пікірін тыңдап, аталған жобаның жастарға берілген үлкен мүмкіндік екенін жеткізді. Өз кезегінде ауданымыздың белсенді жастары арасынан Сәулет Мәуленқұлов, Азамат Беркішев, Жансұлтан Сейтжановтар жобаға қатысуға өз ойын білдірді.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жастарға мүмкіндік берілді