Кентаулықтар өз-өзіне қызмет көрсете біледі
Кентау қалалық білім беру бөлімінің басшысы Әділ Ауелбеков баспасөз брифингінде халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін артыру жайын баяндады.
Бөлім басшысының айтуынша цифрлық сауаттылықтың деңгейін арттыру бойынша - «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 4 бағыт бойынша жұмыс жасайды. Олар: негізгі ұғымдар, EGOV, Open GOV, E-Commerse. Қазіргі таңда қала және оған қарасты ауылдардағы мектептерде 1100 адам негізгі ұғымдар бойынша оқытылған.
Қала әкімдігі мен ХҚКО мамандарымен біргелікте аудандық мәдениет үйінде бастау алып, елді мекендерде, оқу орындарында өткізіліп жатқан іс-шараларда әлеуметтік, экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірі қызметінің өзге де салалары бойынша көптеген ақпараттық қызметтерді «Egov.kz» электронды үкімет порталынан алу үшін қажетті Электронды цифрлық қолтаңбаны рәсімдеу мен электронды қызметтер алу, Telegram-ботарқылы мекенжай, сотталмағандығы туралы, жылжымайтын мүлкінің бары немесе жоғы туралы анықтамалар мен әлеуметтік мәртебені тексеру және базалық зейнетақы төлемінің көлемі туралы ақпарат алу, емханаға тіркелу, дәрігерге жазылу және дәрігерді үйге шақырту, бала тууға байланысты проактивті қызметтер, туу туралы куәлікке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдемақыларды рәсімдеу және сәбиді балабақшаға кезекке қою сияқты қызметтерді оңай әрі жылдам алуға болатындығы жөнінде ақпараттық көмектер беріліп, түсіндірілген.
Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы бойынша мекемелердегі қызметкерлер электронды цифрлы қолтаңбамен қамтамасыз етілген көрінеді. Жалпы Кентау қаласы бойынша электронды цифрлы қолтаңба алу үшін 12992 тұрғынға қызмет көрсетіліпті. Қазіргі таңда халықты цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 53 мектеп базасынан «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрыштары ашылған. Осының арқасында кентаулықтардың цифрлық сауаттылығы артып, өз-өзіне қызмет көрсететін дәрежеге жеткен.