400-ге жуық жұмыс орны ашылған

Screenshot_22.jpg

2019 жылы Жетісай ауданында өнеркәсіп өнімнің нақты көлем индексін –103,3 пайызға, ал өнеркәсіп өнімдерінің көлемін 7 млрд. 638 млн теңгеге жеткізу жоспарланса, ағымдағы жылдың 8 айында ауданның 13 өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген өнім көлемі 5 206,1 млн. теңгені құраған. Бұл 2018 жылдың тиісті деңгейіне қарағанда 1163,4 млн. теңгеге артық өндіріліп, нақты көлем индексі 105,9%-ға жеткен, яғни жылдық межеленген жоспар 2,6%-ға артқан. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 3,1 млрд. теңгеге өнімдер өндіріліп нақты көлем индексі 105,1%-ды құраған осы бойынша жылдық жоспар 103,2% белгіленген болса, ол 1,9%-ға артық орындалған. Мұндай цифрлық мәліметтерді Жетісай ауданы кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев 8 айда атқарған жұмыстарының есебі барысында мәлімдеді.

Бөлім басшысының айтуынша индустриалды инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда аяқ киім, полиэтилен өнімдерін, синтепон талшығы және қарқынды баудан жемістерді өндірумен айналысатын жалпы құны 1306,0 млн. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, жаңадан 400-ге жұық жұмыс орындары ашылған.

Үстіміздегі 2019 жылы аталмыш бағдарлама аясында 1 жоба іске асыруға жоспарланған. Атап айтқанда, жалпы құны 200 млн. теңгені құрайтын «Медет Сүт» ЖШС-ның «Сүтті терең өңдеу» жобасы облыс әкімдігінің жанындағы өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынылған.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 400-ге жуық жұмыс орны ашылған