Ескі еді жаңарды

Screenshot_5.jpg

Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылдық округінде жаңа «Қызылжар» дәрігерлік амбулаториясының ашылу салтанаты өтті.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша  халыққа аса қажет нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ж.Аманбаев, облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Досболов, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Егізбаев және аудан әкімі М.Отаршиев қатысты. Нысанның салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ж.Аманбаев құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Досболов, ауыл ақсақалы Ж.Сақыбеков та көпшілікке өзінің жүрек жарды ізгі тілектерін білдіріп, ақ батасын берді. Осыдан кейін мердігер мекеменің басшысы Ш.Утембаев дәрігерлік амбулатория меңгерушісі Г.Абишеваға ғимараттың кілтін табыстап, нысанды ресми түрде пайдалануға берді.

Осындай игілікті істің куәсі болған Қызылжарлықтар облыс және аудан әкімдігіне өз ризашылықтарын жеткізді. 

Аудан орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан ауыл округінің бұрынғы ғимараты тозығы жетіп, ескірген. Халыққа дәрігерлік көмек көрсетуге арналған жаңа емдеу-профилактикалық мекемесі заманауи медициналық жабдықпен толық қамтылған. Соның арқасында жергілікті тұрғындарға акушерлік және жұқпалы ауруларға арналған фильтр бөлмелерінде де ем көрсетіліп, тіс дәрігері қызмет көрсете бастады. Жаңа емдеу мекемесінде қырыққа жуық медицина қызметкері жұмыс істейді. Жалпы, Қызылжар ауылдық округінің халық саны жеті жарым мыңнан асады.

Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ескі еді жаңарды