Бір шаңырақ астында

Screenshot_39.jpg

Сайын даланы мекен еткен көңілі дархан қазақ кімге құшақ ашпады десеңші. Тағдырдың айдауымен отанымызға қоныс аударған ұлт өкілдері халқымыздың кеңпейілділігінің арқасында ортамызға сіңісіп кетті. Солардың бірі күрділер бүгінде елімізде тату-тәтті өмір сүруде.

 Таяуда Төлеби ауданында Күрді мәдени орталығының 10 жылдық мерей тойы мен 18 қазан Рухани келісім күніне орай мерекелік кеш өтті.

Шараға облыстық ассамблея төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Ғани Рысбеков, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық этно-мәдени қоғамдық ұйымдарының басшылары қатысып, этномәдени бірлестіктің барша өкілдерін мерейтойларымен құттықтады.

Мерекелік кеште ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, халықтар арасындағы ынтымақты нығайтуға, бірліктін сақталуына күш-жігерін жұмсап жүрген азаматтар Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Айтулы күнді тойлау барысында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, орталық қонақтарына концерттік бағдарлама ұсынылды.

Айта кетейік, 2009 жылы Төлеби ауданында Қазақстанның күрдтер Ассосациясының филиалы тіркелген. Төлеби төрінде бүгінде 1400-ден астам күрді ұлтының өкілі тату-тәтті өмір сүруде.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Бір шаңырақ астында