«Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында бірнеше нысан ашылды

Screenshot_11.jpg

«Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы шең­берін­де Ордабасы ауданында бірталай шаруа атқарылған.  Мәселен, «Тәрбие және білім» кіші бағ­дарламасы бойынша 1171 іс-шара ұйымдастырылса, «Өлке­тану» бағыты бойынша 250 түр­лі форматтағы іс-шара өткізі­ліп, оған 8125 адам қатысқан. Сондай-ақ «Отаным тағдырым», «Са­на­лы азамат» бағыттары бойынша да өткізілген іс-шаралардың ма­ғы­н­асы мен қамтылуына мән беріл­ген. Аудандағы 50 мектеп кітап­хана­сында «100 жаңа есім» бойын­ша көрме ұйымдастырылып, ақпараттық сабақтар өткізілген, ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында 50 аудио, бейне байқаулар ұйымдастырылған. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша 133 іс-шара өткен. Елбасы мақаласында басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қам­қорлық жасағысы келген кәсіп­керлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйым­дастырып, қолдау керектігі, қалыпты және шынайы патриоттық сезімге тыйым салмай, керісінше ынталандыру қажеттігі айтылған-ды. Бұл орайда ауданда «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде, демеу­шілер есебінен ауыл округ­терінде спорттық алаңшалар мен бөбекжайлар, 1 200 млн теңгеге емхана салынып, 700 млн теңгеге 70 жатын орнымен Бөржар ауыл округіндегі «Қайнар» емдеу-сауықтыру орталығы ұлғайтылды. Ал «Жомарт жүрек» жобасы аясында «Бөрте милка» ЖШС-нің директоры Н.Әбішев аз қамтамасыз етілген екі қызметкеріне тұрғын үй алып берсе, «Агро 5» ЖШС 2-топ мүгедектігі бар Дәрібаевтар отбасына қаржылай көмек берді. Жалпы аудан көлеміндегі 127 кәсіпкермен «Мектепке жол» акциясы аясында 250 балаға жалпы соммасы 3 млн  750 мың теңгеге көмек көрсетілген. Бағдарлама аясындағы игі істер жалғасын табуда.