Түркістанға Жетісудан керуен келді

5db97e4d12ba3.jpg

Түркістанға «Жер жәннаты – Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне» атты Рухани керуен сапары келді. Түркістан және Алматы облыстық мәслихаттарының қолдауымен, Алматы облысының дін істері басқармасы мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастыруымен өткізілген келелі кездесуде қонақтар мен түркістан жұртшылығы пікір алмасып, тағылымды оймен бөлісті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Киелі Түркістан жеріне келген мәртебелі қонақтар алдымен Қ.А.Яссауи кесенесін зиярат етіп, ата-баба рухына құран бағыштады.

Мұнан кейін, қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылған кездесуге қатысты.

Кездесуді Түркістан облыстық мәслихат хатшысы Балабиев Қайрат Рахымұлы ашып, жүргізіп отырды. Жиында облыстық мәслихаттың хатшысы бүгінгі шараның маңыздылығын ерекше атай келе, «Елдік жобаның Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне табан тіреуі рухани сапардың мәнін айшықтағандай. Жетісу өңіріне қарасты шекара аймақтарын аралаған «Рухани керуен» ІІІ кезеңінің сапары Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, әріптестік байланысты нығайту, діннің асыл құндылықтарын, ұлттық, мәдени салт-дәстүрімізді жан-жақты дәріптейді. Сол себепті, ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміздің қасиетті ұғымын ұлықтау әрбір азаматтың парызы деп білемін» - деді.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Түркістанға Жетісудан керуен келді