Дін мен дәстүр сабақтастығы
"Қазіргі кезде Қазақстанда әлеуметтік-саяси өмірде діннің рөліарта түсті. Дін - қоғамдағы рухани мәдени саланың аса маңызды бөліктерінің біріне, тұғырлы әлеуметтік институтқа айналып келеді. Халқымыздың едәуір бөлігі нақ осы дін арқылы дәстүрлі құндылықтар мен қоғамдық парасаттық ұстанымдарын қайта жаңғыртуға ұмтылуда. Бүгінгі шараның мақсаты - еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету,мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту болып отыр", деп атап өтті Түркістан облысы қоғамдық даму басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Сариев Дәурен Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алу мақсатында жұмыс істейтін облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің семинарында. Аталған іс-шараны Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастырды.
Кездесу барысында ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Қуанышбаев Арман, дінтанушы Мұқан Исахан, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкіл имамы М.Ақтамберді тренингке қатысушыларға зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқынымызды ескере отыра елдің тыныштығы мен келешегі үшін діннің тура жолынан жаңылмауымыз керек екенін түсіндірді.
Елімізге танымал ұстаз Арман Қуанышбаев өз сөзінде дін мен дәстүрдің сабақтастығы бүгінде үлкен рөл атқаратынын, қазақтың салты мен санасы Ислам дініміздің тамырына негізделгенін жеткізді. Келешек ұрпақтың ұлты үшін қызмет етуіне барлық ата-аналар тал бесіктен тәрбие беру керектігін де тілге тиек етті.