Түркістанда журналистердің өңірлік форумы өтті
Түркістан. 25 қазан. ҚазТАГ – Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы БАҚ өкілдерінің қатысуымен журналистердің өңірлік форумы өтті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев сөз бостандығының Конституцияда айтылғаны, алайда ол билік тарапынан қысым көріп отырғандарға қатысты емес екенін атап өтті. Бірінші кезекте, бұл біздің елімізде жиілеп кеткен жала жабу бабының қолданылуы. Оның барлығын қылмыстық кодекстен алып тастау керек. Егер қандай да бір шенеунік немесе бизнесмен репортерлерді түрмеге жаптырса, оны баспасөз жауы деп жариялау керек деп санаймын. Соңғы мысал – бұл Амангелді Батырбековтың тағдыры, оны белсенді азаматтық ұстанымы үшін отырғызды. .
Матаев шығармашылық байланысты дамыту туралы меморандумға қол қойылған өңірлік медиа-форумды ұймыдастырғандары үшін Қазақстан Журналистер одағының келесі филиалдарының басшылары Түркістандағы – Ғалымжан Елшібайға, Жамбылдағы – Дәулет Төлендіге, Қызылордадағы – Аманжол Оңғарбаевқа, Шымкент қаласындағы – Уәли Қыдырға алғысын айтты. Сосын Журналистер одағының басшысы жас репортерлерге мүшелік билеттерін табыстады.
Медиа-форум қатысушылары университеттегі жаңа телевидение және радио студиясымен, журналистика және туризм факультеті студенттерінің тәжірибеден өтуіне арналған ақпараттық орталығымен танысты. Ардагер – журналистер Мархабат Байғұтын, Көсемәлі Сәттібайұлын, Бахтияр Тайжанды республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің алдағы 100 жылдығымен құттықтады