Несие алып несібесін арттырған

Screenshot_6.jpg

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы өңір шаруаларына тың серпін беріп отыр. Облыста 2018-ші жылы жалпы құны  20 млрд 585  млн  теңгеден асатын 900-дей жобаны қолдаған. Солардың бірі Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауыл округінде орналасқан жеке кәсіпкер «Мамбеталиева» шаруа қожалығы. 

     «Мамбеталиева» жеке кәсіпкерлік нысаны былтырдан бері мал шаруашылығымен айналысуда. Кәсіпкердің иелігінде қорасы  4381 шаршы метр. Барлық талаптарға сай жабдықталған нысанның құрылысына 100 млн теңге жұмсалған. 2018 жылдың желтоқсан айында Аграрлық несие корпорациясынан 180 000 000 теңге несие рәсімдеді. Бұл қаржыға  1000 бас ірі қара мал сатып алып , бордақыға қойған.  

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Файзулла Байдуллаевтың айтуынша қаржыландыру  жылдық 16 % пайызбен берілген, оған 10% мемлекетен субсидия қарастырылған Желі мерзімі – 48 ай, ал несие мерзімі 12 ай.

Ата кәсіпті қолға алған Бақыт ет өнімдерін Өзбекстанға жөнелтеді.  Өндірген өнімге деген сұраныс күн сайын артып келеді.  «Алдағы уақытта етті Алматы, Нұр-Сұлтан нарығына өткізуді көздеп отырмыз»,- дейді жеке кәсіпкер. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Несие алып несібесін арттырған