Түлкібаста «өзіміздің» дүкен ашылды

Screenshot_15.jpg

Бүгінде елімізде шағын және орта кәсіппен айналысушылар көп-ақ. Оларға мемлекет тарапынан қолдаулар да көрсетілуде. Тек Отандық өнімдерге деген сұранысты артырып, олардың жарнамасын күшейту қажет.  Бұл жөнінде Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаев Жолдауларда нақты тапсырмалар берген болатын. Осы орайда  отандық өнімді қолдау мақсатында  Түлкібас ауданында орналасқан «НАБИ» сауда кешенінен арнайы отандық тауарларға арналып, дүкен ашылды. Мұнда Түлкібас ауданының арнайы эмблемасы тігілген арзан әрі, сапалы мектеп формалары сатылатын болады. Бұл өнімдердің барлығы да «Bellaso» фабрикасында тігілген. Аудан тұрғындары алдағы уақытта шілденің шіліңгір ыстығында қалаға сандалмай арзан бағада мектепке қажетті формаларды осы жерден таба алады.  

Қуанышты бөлісе келеген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қасымбек Сәтбай және «Нұр Отан» партиясы Түлкібас ауданы филиалының кеңесшісі Қуанышбеков Бақытжан дүкеннің лентасын қиып, сауда кешенін арнайы аралады. Осы бастаманы жандандырып отырған жергілікті кәсіпкерлерге сәттілік тіледі. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Түлкібаста «өзіміздің» дүкен ашылды