Әкімге өтініштерін жеткізді
«Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз бар қазақта. Әкім халықтың мұң-мұқтажын, арыз-шағымына құлақ асып, өтініштерін орындаса игі. Ол үшін әкімнің халықпен жиі бетпе-бет кездесіп тұрғаны маңызды. Осы орайда Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Аудан басшысымен жүздесуге келген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй кезегіне қатысты мәселені қозғаса, көшет егу кәсібін ұлғайту тақырыбын көтерді.
Аудан әкімі Б.Омарбеков үй мәселесін айтып келген азаматтарға тұрғын үй қатынастары туралы заңының шеңберінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ағаш егумен айналысатын кәсіпкердің көтерген ұсыныс-пікірінің заңдылығын қарауды ауылшаруашылығы саласына жауапты аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаевқа тапсырды.
Жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.