Жұмысты ширатуды тапсырды

Screenshot_5.jpg

Жаңа қызметіне кіріскен Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев  алғашқы жұмыс сапарларының бірін Қажымұқан ауыл округінен бастады. Өңір басшысы сапары барысында  Темірландағы әкімдік бөлімдеріне арналған ғимараттың, 300 және 600 орындық үш мектептің құрылысымен, "Самал 2,3" мөлтек аудандарындағы инфрақұрылым жүргізу барысымен танысты.

Сондай-ақ "Черемушки" мөлтекауданындағы аулаларды көріп, кәріз жүйесі мәселесін шешуді жылдамдату қажеттілігіне тоқталды. Әкім бұл күні  Қажымұқан ауыл округі әкімшілігі ғимаратын, Қажымұқан атындағы орталық стадионды, Жастар сарайын, ардагерлер үйін, орталық саябақты да аралады. "Қайнар" шипажайының, асыл тұқымды ешкі шаруашылығының, "Бейнеу-Шымкент" магистралды газ құбырының №19 "Темірлан" АГТС жұмысына да қанық болды. 

      Біраз нысандарды аралаған Әліпбек Шәріпбекұлы Темірлан ауылында 2017 жылы пайдалануға берілген 14 екі пәтерлі тұрғын үйлердің қазіргі жай-күйімен танысу үшін арнайы ат басын бұрды. Іссапар барысында әкім аудан орталығын абаттандыру мен көгалдандыруға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, көшелерді жарықтандыру жағдайы да тез арада шешілуі тиістігін тілге тиек етті. Ауыл әкіміне ауылішілік арық-атызды тез арада қалыпқа келтіруді тапсырды.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жұмысты ширатуды тапсырды