Оқушылар бос жүрмейді

Screenshot_5.jpg

Оқушылардың жазғы уақытын тиімді пайдалану аса маңызды. Себебі бос уақыты көп, үйде қараусыз қалған бала теріс жолға түсіп, бұзақылылқа, ұсақ қылмыстарға баруы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін облыста оқушыларды жазғы лагерлерге орналастыру ісі жалғасын табуда. Биыл ордабасылық балалар да мұндай демалыстан құр қалмайтын болды. 

Мамандардың дерегінше ағымдағы жылы  мектеп жанындағы лагерьлерге 5- маусым мен 1 шілде аралығында 16890 бала қамтылған. Соның ішінде асханасы бар 38 мектепте бір мезгіл тамақпен күндік лагерьлер ұйымдастырылып, 3150 бала демалған.

Биыл қала сыртындағы лагерлерге әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасының 404 баласын қамту үшін аудандық бюджет есебінен 14 млн.140 мың теңге қаралды. Қазіргі таңда Төлеби ауданы Қасқасу ауылындағы «Көктөбе» және Біркөлік шатқалындағы «Біркөлік» жазғы сауықтыру орындарында ауданнан 197 бала демалуда. Маусымына қарай алдағы айда тағы 207 бала келеді деп күтілуде. Аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті есебінен 50 пайыздық жеңілдікпен 50 балаға, ата аналардың есебінен 132 балаға жолдама үлестірілген.

        Сауықтыру лагерьлерінде балалардың уақытын тиімді пайдалануға барлық жағдай қарастырылған. Тіпті, бейімділігіне орай мұнда IT сабақтары, спорттық , қолөнер үйірмелері ұйымдастырылған. Күнделікті іс-шаралар демалушы шәкірттерге жақсы көңіл-күй сыйлап, олардың жаңа қырынан танылуына ықпал етуде.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Оқушылар бос жүрмейді