Жастар демалысты тиімді өткізуде

 Screenshot_13.jpg

«Жасыл ел» бағдарламасы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары бағдарламасы аясында Түлкібас ауданы әкімдігі жанынан құрылған штабы 2017 жылдан бастап жыл сайын дәстүр бойынша жұмыс атқарып келеді. Бағдарламаның мақсаты жаз мезгілінде аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалана отырып жұмыспен қамту. Қазіргі таңда бұл бағдарламада ауданның студент жастары мен жұмыссыз жастарынан құралған 60 жас өрен «Жасыл ел сарбазы» ретінде тіркеліп қарқынды жұмыс атқарып жатыр. Жасыл ел сарбаздары өлкедегі саябақтар мен аллеяларды сонымен қатар көше бойларын түрлі қоқыстардан тазалау, жас ағаш көшеттері мен гүлзарларды суғару жұмыстарын жүргізуде. Бір қуантарлығы жасақтың құрамы жылдан жылға артып келеді. Бұған жастарға берілетін жалақының өсуі себеп болып отыр. Сондай-ақ мамандар табиғатқа жаны ашитын өскелең ұрпақтың көбейіп отырғандығына қуануда. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жастар демалысты тиімді өткізуде