Мамандардан тегін кеңес алды
Түркістан облысында «Денсаулық жолы» республикалық шарасы өтті. Ауқымды шара Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арыс тұрғындары терапевт, эндокринолог, офтальмолог, педиатр, онколог, психологқа қаралып, ЗОЖ мамандары мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша кеңес алуда.
5 тамыздан 9 тамыз аралығында барлық аудан, қалаларда жыл сайын ұйымдстырылатын республикалық «Денсаулық жолы» акциясы өтуде. «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты – тұрғындардың денсаулығын тұз, қант, майлар (майлар, трансмайлар) жоғары мөлшері бар тағамдарды шектеу немесе қолданбау денсаулыққа пайдасы туралы хабарлау, дененің артық салмағы, семіздік қаупін төмендету мен жұқпалы емес аурулардың алдын-алу үшін тұрғындарды салауатты өмір салты негіздеріне үйрету арқылы өз денсаулықтарын сақтау мен нығайту. Түркістан облысының тұрғындарына арнайы медицина мамандарынан құралған мобильді топ медициналық, профилактикалық кеңестер береді. Онколог, офтальмолог, эндокринолог және т.б. дәрігерлерден құралған жылжымалы медициналық кешен шалғай ауылдық елдімекендерге шығады. Сонымен бірге әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша да мәлімет алуға болады.