Фархаттың етіне сұраныс жоғары

Screenshot_13.jpg

Кентау қаласында 2019 жылы жүзеге асырылатын басымды 50 жобаның бірі, қалаға қарасты Жүйнек ауылында модульді мал сою алаңы құрылды. Кентау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша құны 11 миллион теңге  тұратын бекет Алматы қаласынан әкелінген. Шаруақожалықтың атауы "НұрФархат". Төрағасы Фархат Абдуллаевтың айтуынша  етке сұраныс жоғары. "Тұрғындарға хабарлап жатырмыз. Мұнда мал союға барлық дайындықтар жасалынған. Бұл жерде мал дәрігері, екі қасап және лаборатория қызмет жасайды.Жалпы 5 адам жұмыс істейді. Малды союға дейін анықтап, оның сау не ауру екенін тексеріп барып союға рұқсат беріледі. Сол кезде мал сою алаңына кіргізіледі"- дейді ол. Сонымен қатар, мал дәрігері әрбір келген малды тізімге алып, егесінінің аты-жөнін компьютерге енгізіп отырады.Бұл жоба қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отырғанын тілге тиек етті. Бекеттің ішінде арнайы сойылған малды сақтауға арналған тоңазытқыш бар. Тіпті мал сою алаңында, малдарын алдын ала әкеліп қоятын қора-жайға дейін жасалынған. Шаруақожалықтың айтуынша 11 млн тг 5,5 млн мемлекет субсидияласа, қалғанын өзі өтейді. Бұл мемлекеттің арнайы шаруаларды қолдауға арналған бағыты.Заманауи үлгідегі мал сою алаңы ірі қара малдарды есептегенде, күніне 30 шақты малды союға қауқарлы.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Фархаттың етіне сұраныс жоғары