Мысырлықтар жуынған ба?

Пирамидалардың патшалығы ежелгі Мысыр денсаулық күтімі, санитарлық тазалықты сақтау, гигиенаны ұстану ұғымдарын қолданысқа енгізген ел.

Screenshot_19.jpg 

Мысырлықтардың сұлулыққа құмар екені тарихтан белгілі. Косметикалық заттардың алғашқы отаны да ежелгі Мысыр. Сұлулықтың құпиясын іздеген олар жеке бастың гигиенасына да өте қатты мән берген. Әрбір тұрғын тек мыстан жасалған ыдыстан су ішіп, таза жуылған, кенеп матадан тігілген киімді ғана киген. Шаштарын жиі қырқып, биттен қорғау үшін жасанды шашты киіп жүрген.  

Мысырлықтарға күніне екі рет таңертең және кешкісін жуыну міндет болған. Археологтар мысыр жерінен күміс және қоладан жасалған медициналық құралдарды тапқан. Мұндай құрал-саймандар кейбір қабырға суреттерінде де кездеседі. Мәселен, Ком-Омбо қаласындағы Хорура ғибадатханасында «медицина қабырғасы» аталып кеткен қабырға бар. Онда хирургтың үстелінен бастап, құралдарына дейін кескіндер бейнеленген. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Мысырлықтар жуынған ба?