ШҚО медицинасы алдағы 5 жылдың ішінде еуропалық стандарттарға сәйкес болады

Screenshot_5.jpg

Шығыс Қазақстан облысының медицина саласы 2025 жылға қарай еуропалық стандарттарға сәйкес болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.

«Соңғы 3 жылда өңірде медицина саласын дамытуға 22,3 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, заманауи жабдықтар саны 2,5 есеге өсіп, 130 мыңнан астам диагностиканың және емдеудің жаңа әдістері енгізілді. 1535 дәрігер әлемдегі ең мықты мамандардың 91 шеберлік сағатына қатысып, 276 ақ халатты шетелдік клиникаларда біліктілігін арттырып келді», - дейді аймақ басшысы.

2020 жылы 2920 дәрігер 120 елдің ауруханаларында тәжірибелерін шыңдап қайтпақ. Сондай-ақ ауылды жерлерге медицина саласының мамандарын тарту мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда.

«Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта міндетті түрде жалғасын табады. Біздің мақсатымыз – Шығыс Қазақстанның медицинасын еуропалық стандарттарға сәйкес қылу. Бұған 2025 жылы қол жеткізуді жоспарлап отырмыз», - дейді Даниал Кенжетайұлы.