Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты 9 наурыздағы жағдайды айтты

Screenshot_6.jpg

Елімізде Қытайдан және өзге де шекаралас мемлекеттерден келіп жатқан азаматтарға мониторинг жалғасуда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім, етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 наурыздағы жағдай бойынша, 77 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 «Б» санаты бойынша – 17 адам, 2-санат бойынша – 31 адам, 3-санат бойынша 29 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 77 адамның ішінен 32 адам шығарылды. 4084 адамға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 «А» санаты бойынша – 1053, 1 «Б» санаты бойынша – 182, 2-санат бойынша – 2849 адам медициналық бақылауда болды. Барлығы 408 адам бақылаудан шығарылды. 9 наурыздағы жағдай бойынша, жалпы 3676 адам бақылауда», - делінген ведомство хабарламасында. 

Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасы қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген. «Республикада терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар. Инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған. Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет», - делінген министрлік мәліметінде. 

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталсақ, бүгінде ҚХР-да 80 735 адам инфекция жұқтырған (бір тәулікте + 40). 58600 адам жазылып шықты, стационарларда әлі 19016 науқас емделуде. Көз жұмғандар саны – 3119. Коронавирус анықталған өзге 98 мемлекетте індетті 29232 адам жұқтырған. 708 науқас ажал құшты:

Италияда - 366

 Иранда - 194

 Оңтүстік Кореяда - 50 

Круиз лайнерінде -7,

 Жапонияда - 7, 

АҚШ – 22,

 Францияда - 19, 

Испанияда – 17, 

Иракта - 6, 

Гонконгта - 3 

Филиппинде – 1, 

Таиландта – 1,

 Австралияда - 3, 

Сан-Маринода - 1, 

Ұлыбританияда - 3, 

Нидерландта – 3, 

Тайванда – 1, 

Аргентинада – 1,

 Мысырда – 1, 

Швейцарияда - 2 адам. 

Инфекция жұқтырғандар саны күн сайын 16,0 пайызға, өлім-жітім – 2,4 пайызға артып отыр. Қауіптілігі жағынан 1 «А» санатына кіретін елдер: 

Оңтүстік Кореяда - 7313 адам індетке шалдыққан (тәулік ішінде + 272 жағдай, өсім 3,8%); Иранда – 6566 жағдай тіркелген (тәулігіне + 743, өсім – 12,7%). 

1 «Б» санатына кіретін елдер: Италияда - 7375 адам жұқтырған (тәулігіне + 1492, өсім – 25,3%);