Қаулы

Санитариялық індетке қарсы және  санитариялық-профилактикалық іс шараларды жүргізу туралы

Мен, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович 

мына құжаттарды қарап, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) әлемде коронавирустық инфекциясы бойынша пандемияны жариялауына байланысты, Шымкент қаласында инфекцияның таралуына жол бермеу, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Ведомствааралық комиссиясының шешіміне және Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1 тармағының 13 тармақшасының негізінде,

Қаулы етемін:

1. Шымкент қаласындағы аудан әкімдеріне, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Ішкі саясат және дін істері басқармасына:

1.1. Көпшілік  іс шараларға тыйым салынсын (мерекелер өткізу, спорттық жарыстар және басқа); 

1.2. Адамдар көп болатын және тыныс –тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде(сауда, ойын-сауық орталықтары,кинотеартрлар, базарлар, діни объектілер, коммуналды шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану, ХҚКО, вокзал, әуежай, қонақ үйлер, денсаулық сақтау ұйымдары, дәріханалар, білім беру ұйымдарында және т.б.) санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейту (беткейлерді күніне кемінде екі рет өңдеу);

1.3. Тұрғындардан шыққан қатты-тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығаруды және қоқыс жинау орындарын, контейнер қойылған алаңшаларды тазартылғаннан кейін дезинфекциялы жұмыстарын жүргізуді күшейту;

1.4. Мешіттерде, шіркеулерде және құдайға сыйыну үйлерінде барлық көпшілік жиналу іс-шараларына шектеу қойылсын;

1.5. Тұрғындарды коронавирус инфекциясын түсіндіру үшін жаднамалармен, буклеттермен, баннерлермен қамтамасыз етілсін.  

2. Шымкент қаласының полиция департаментіне, Шымкент қаласындағы аудан әкімдеріне:

2.1. Көшедегі белгісіз сауда орындарында сатылып жатқан тағам өнімдеріне және халық тұтынатын тауарларға бақылауды күшейту;

  2.2. Бекітілген алгоритмге сәйкес, режимдік емдеу-профилактикалық мекемелердің күзетуін күшейту;

2.3. Қоғамдық, мәдени, тұрмыстық мақсаттағы нысандардың дезинфекциялық жұмыстарын жүргізуге жеке дезинфекциялық жұмыстармен айналысатын ұйымдарды тарту. 

3. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына:

3.1. Коронавирус инфекциясы анықталған кезде індетке қарсы іс шаралар бекітілген жұмыс атқару алгоритміне сәйкес жүргізілсін. 

3.2. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында және қалалық клиникалық балалар ауруханасында қосымша инфекциялық төсек орындар ашылсын;

3.3. Қосымша провизорлық төсек орын ашылсын;

3.4. Бекітілген алгоритмге сәйкес қарым қатынастағыларды уақытша орналастыру үшін обсервациялық госпитальдер ашылсын;

3.5. Обсервациялық госпитальды медициналық қызметкерлермен, медициналық жабдықтармен, бұйымдармен, дәрілік заттармен, жеке қорғаныш киімдерімен қамтамасыз етілсін. 

4. Автомобиль көлігі, өнеркәсіп, сауда орындарының, қоғамдық тамақтану, өндіріс орындарының, және коммуналдық мақсаттағы нысандардың  басшыларына: 

4.1. Адамдар көп жиналатын жерлерде (ХҚО, қарттар үйлері, мүгедектерге арналған Оңалту орталықтары, қонақ үйлер, автовокзалдар, моншалар, шаштараздар, кинотеатрлар, ойын-сауық орталықтары, жүзу бассейндері, қоғамдық тамақтану объектілері,  тойханалар, супермаркеттер, базарлар) қолға арналған антисептикалық ерітінділермен, сұйық сабынмен, қағаз сүлгілермен, қол кептіргіштермен, зарарсыздандыратын дезинфекциялық құралдармен, дезинфекциялық кілемшелермен, санитайзерлермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету;

4.2. Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ аумағында үй- жайларға дезинфекция жүргізу кезінде қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарды қатаң қолдану;

4.3. Барлық объектілерде дезинфекциялық режимді және желдету режимін сақтауды күшейту, қолды жуу, жиі қолданатын заттарды (есік тұтқалары, басқада тұтқалар) өңдеуге жағдай жасау;

4.4. Жұмыс ауысымы кезеңінде (маршруттың соңында) қоғамдық көліктерді дезинфекциялау,  жуу жұмыстарын жүргізуді, қоғамдық көлік жүргізушілерін антисептиктермен қамтамасыз ету.

5. Шымкент қаласы білім басқармасының басшысына, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының басшыларына:

5.1. Балаларды мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мектептерге және арнаулы орта оқу орындарына қабылдау кезінде міндетті таңертеңгілік сүзгілерді өткізуді жүзеге асыру, дезинфекциялық режимнің сақталуын күшейту, дезинфекциялық кілемшелердің болуын, санитайзерлердің болуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету, коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы көрнекті орындарда жаднамалардың болуын қамтамасыз ету;

5.2. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, білім беру объектілерінде таңертеңгіліктерді, мерекелерді, спорттық- ойын-сауық, ойын -сауық,экскурсиялық және басқа да бағдарламаларды өткізуге тыйым салу;

5.3. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мектептерге және жоғары, орта арнаулы оқу орындарына балаларды қабылдау кезінде міндетті таңертеңгілік сүзгілерді өткізу арқылы дезинфекциялық режимнің сақталуына бақылау жүргізу;

5.4. Ата-аналармен оқушылардың демалысқа шығуына байланысты көпшілік жиналу орындарына балаларының  баруына шектеу қою үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

6. Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшыларына:

6.1. Жергілікті атқарушы органдардың, аудандық әкімдіктердің, кәсіпкерлік басқармаларының, ішкі істер органдарының аумақтық өкілдері құрамында мониторингтік топтар құру;

6.2."Атамекен" ҚР ҰКП Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жеке кәсіпкерлік субъектілері, Халыққа қызмет көрсетумен айналысатын жеке, заңды тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, іс- шаралар өткізуді қамтамасыз ету;

6.3. Кәсіпкерлердің халық көп жиналатын орындарда (ХҚКО, қарттар үйі, мүгедектерге арналған Оңалту орталықтары, қонақ үйлер , автовокзалдар, моншалар,шаштараздар, ойын- сауық орталықтары, жүзу бассейндері, қоғамдық тамақтану объектілері, супермаркеттер, базарлар) болуын шектеу бойынша халықпен коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу; 

6.4. Осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментіне күн сайын сағат 16-00-ге ұсынылсын.

7. Шымкент қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті осы қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жолдансын және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 

9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік 

Санитариялық дәрігері А.Тулебаев

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қаулы